Киберқылмыстар санының қарқынды өсуі жағдайында құқық қорғау органдары мен ұялы байланыс операторларының өзара іс-қимылы ерекше маңызды болып отыр.
Мұндай ынтымақтастықтың бір мысалы ретінде Жетісу облысының прокуратурасы мен «Теле2 / Алтел» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюды атауға болады.
2025 жылғы 24 сәуірде «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы алаңында Жетісу облысының прокуроры М.Б. Басшыбаев пен ұялы байланыс операторының қауіпсіздік қызметі басшылығы арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді, бұл қылмыстарды ашудың тиімділігін арттыруға, азаматтарға келтірілетін залалды азайтуға, мемлекеттік билік институттары мен бизнеске деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.