«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Жетісу облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мемлекеттік органдар прокуратура органдарымен келіспей, инвесторларға қатысты талап қою, әкімшілік немесе шектеу сипатындағы шараларды қабылдауға құқы жоқ.
Алайда, прокурорлық сүзгі барысында аталған талаптардың сақталмау фактілері салдарынан инвесторлардың құқықтарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
Мысалы, Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және Көксу ауданының полиция бөлімі тарапынан аумақтық прокурорлармен келіспей, инвесторларға қатысты тексерістер тағайындалған.
Сол сияқты, Талдықорған қаласының полиция басқармасы да прокурорлардың келісімінсіз, көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Прокурорлық ден қою шаралары нәтижесінде жүргізілген тексерістер мен әкімшілік хаттама заңсыз деп танылып, күшін жойды.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау – ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Айта кетейік, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында облыс прокуратурасы жанынан Фронт-офис және тәулік бойы жұмыс істейтін Мобильді топ жұмыс істейді (байланыс нөмірі: 8-775-803-89-88).