Прокурордың наразылығымен педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Прокурордың наразылығымен педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Жетісу облысы прокуратурасы зорлаушыға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыруға қол жеткізді.

Өткен жылдың тамыз айында «K» азаматы 12 жасар қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сол күні ол ұсталып, кейін қамауға алынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген айып тағылды (ҚК-тің 121-бабының 4-бөлігі).

Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Прокуратураның дәйекті және принципті ұстанымының нәтижесінде апелляциялық инстанция бұл үкімді өзгертіп, кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Облыс прокуратурасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін әділ жазаның бұлтартпастығы ұстанымын ұстанады.