Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертханалардың жолы кесілді.

Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам «мефедрон», шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның 2 шетел азаматтары.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.