Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде

Жетісу облысының прокуратурасымен «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Тексеру барысында Алакөл ауданының борышкері 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 2,6 миллион теңгеге жеткені белгілі болды.

Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген.

Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес балалар мен басқа да мүгедек отбасы мүшелерін асырау үшін қаражат төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі күшіне енді.