Жетісу облысы прокурорларының жұмысы халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталады

Жетісу облысы прокурорларының жұмысы халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталады

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев тағы да шалғай аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бұл жолы мұндай кездесу Панфилов ауданының тұрғындарымен өтті.

Жиынға халықтың мәселелерін жедел шешу мақсатында барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған Ведомствоаралық штаб пен көшпелі топ мүшелері де қатысты.

Бірінші 2023 жылғы халықпен кездесу нәтижесі бойынша «Жол картасына» енгізілген іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Бүгінгі таңда «Жол картасында» 31 белгіленген тармақтың 20-сы іс жүзінде орындалғаны атап өтілді.

Уақыт пен қомақты қаржыландыруды қажет ететін басқа да ұзақ мерзімді іс-шаралар бойынша жұмыс басталып кетті.

Аудан жастарының демалысы ұйымдастырылып, Үлкеншыған, Үшарал ауылдарында спорт кешендері іске қосылды, Жаркент қаласы мен Пиджим ауылында балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары мен спорт залдары салынды.

Жаркент қаласындағы мектептерге газ беріле бастады, Головацкий ауылында балабақша ашылды.

Садыр, Сарытөбе ауылдарында орта мектептер салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, бүгінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қолға алынды.

 Сондай-ақ облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев өңірдегі қылмыстық ахуалды жақсарту мен бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау сияқты басым бағыттар бойынша жұмысты жандандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарын «Жол картасына» енгізілген барлық іс-шаралардың сапалы орындалуына аударып, халықтың сұранысын қанағаттандыруға басты назар аудару керектігін атап өтті.

Жиын соңында аудан тұрғындары басқа да бірқатар түйткілді мәселелерді көтеріп, олар да жүзеге асыруға алынды.