Жетісу облысы прокурорларының актілері бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды.

Жетісу облысы прокурорларының актілері бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды.

Прокурорлық тексеру облыстағы зертханалардың тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істегенін көрсетті.

Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.

Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.

Ветеринариялық станция басшылығы бастаған кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды.