Жетісу облысы Сарқан ауданының прокурорлары балалардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Яғни, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 128-бабының талаптарын бұза отырып, ұйымның бухгалтерлері борышкерлердің жалақысынан 7 баланы асырау үшін алимент ұстамаған.
Қарыз сомасы 553 мың теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балаларға арналған қаражат аударылып, бухгалтерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.