
Облыс прокуроры Жетісу Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігінің жай-күйі туралы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа адам және бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, сот корпусы мен адвокаттар қоғамдастығының өкілдері, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Жыл басынан бері облыста есірткінің заңсыз айналымына қатысты 115 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 28-і оларды сату фактісі бойынша.
1 наркологиялық лабаратория қызметінің жолын кесіп, жойылды.
Отырыста прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Нашақорлыққа жол жоқ» жобалау жұмыстарының аралық нәтижелері көрсетілді.
Оны жүзеге асыру аясында қазірдің өзінде есірткі сатуды насихаттайтын 40 граффити анықталып, жойылды.
Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы (есірткі заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Облыс прокуроры бұл жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, арнайы құрылған «Narko Shekteu Taldykorgan» телеграм арнасына наркограффити туралы ақпарат жіберу арқылы жұртшылықты оған қосылуға шақырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі уәкілетті органдарға нашақорлықтың алдын алуды күшейту, оларды анықтау және тергеу бойынша жедел іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берді