Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемейтін адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты

Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемейтін адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты

Алакөл ауданының тұрғыны "Р" 5 жыл бойы балаларының алдында алимент төлеуден жалтарған.

Нәтижесінде оның 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді.

Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.

Жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген  206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6  борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған түбегейлі шараларды қабылдауды жалғастырады.