Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың жүйелі түрде бұзылуын анықтады

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың жүйелі түрде бұзылуын анықтады

Конституцияның 28-бабы мемлекеттің мүгедектік мәртебесі бар азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем алуға кепілдік береді.

Прокурорлар 2024 жылы медициналық ұйымдар 3-4 топтағы онкологиялық диспансерлік есепте тұрған облыстың 18 тұрғынын медициналық- әлеуметтік сараптамаға жібермегенін анықтады.

Анықтама үшін: Медициналық-әлеуметтік сараптама - бұл тексерілетін тұлғаның клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және психологиялық деректерін талдау негізінде ағзаның жағдайын кешенді бағалау

Осылайша, олар мүгедектігін рәсімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық бұзушылықтар жойылды, барлық адамдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілді, олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды.

 Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды.