Талдықорған қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді (инклюзивті оқыту — бұл барлық балалар, олардың физикалық, ақыл-ой, мәдени немесе әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім алуға тең қол жеткізе алатын білім беру жүйесіндегі тәсіл).
Прокурорлар стационарлық емделу кезеңінде мүмкіндігі шектеулі 261 баланың инклюзивті білім алмағанын анықтады. Осыған қарамастан мұғалімдерге 2 251 833 теңге төленген.
Қадағалау актісі бойынша бұрын білім алмаған балалар білім беру процесіне қайта қосылып, қажетті білім алды. Осылайша, прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 2 251 833 теңге өтелді.