Жетісу прокурорлары тұрғындардың медициналық шығындарды өтеу құқығын қорғады

Жетісу прокурорлары тұрғындардың медициналық шығындарды өтеу құқығын қорғады

Жетісу прокурорлары облыстың 400-ден астам тұрғынына пациенттер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарының болмауына байланысты жоғары технологиялық медициналық қызметтерді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 12-бабы) алу мақсатында жол жүргені үшін өтемақы төленбегенін анықтады.

Сонымен қатар, уәкілетті орган осы өтемақыға құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесін уақтылы әзірлемеген және облыстық өкілді органға бекітуге жібермеген («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 12-бабы).

Қадағалау актісі бойынша денсаулық сақтау басқармасы азаматтар санаттарының көрсетілген тізбесін әзірлеп, мәслихатқа бекітуге жіберді.

Төлемдер 12 адамға 900 мың теңгеден астам сомаға жүргізілді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін уәкілетті органның екі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

                                                                                Жетісу облысының прокуратурасы