Жетісу облысында прокуратураның араласуынан кейін екі инвесторға жер телімдері берілді

Жетісу облысында прокуратураның араласуынан кейін екі инвесторға жер телімдері берілді

Ақсу ауданында «Ералы» ЖК инвесторы бір жыл бойы ет-сүт өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылық жануарларын өсіру бойынша жобасын жүзеге асыру үшін жер телімін ала алмаған.

Жергілікті атқарушы орган формальді негіздер бойынша жер беруден бас тартқан.

Тағы бір жағдайда Ескелді ауданының су қорғау белдеуіндегі жерді азық-түлік базасын салу үшін «Албаков» ШҚ инвесторына берген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бұл бұзушылықтар жойылып, инвесторларға тиісті жер телімдері бөлінді.

Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратураның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Инвесторлардың сигналдарына жедел әрекет ету мақсатында Фронт-офис құрылды, Жетісу облысы прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-131-04-44).

 

Жетісу облысының прокуратурасы