Жетісу облысының прокурорлары 5 ветеринарлық зертхананың қызметін тоқтатты

Жетісу облысының прокурорлары 5 ветеринарлық зертхананың қызметін тоқтатты

Қажетті құрал-жабдықтармен және химиялық заттармен қамтамасыз етілмеген ветеринарлық зертханалар тиісті зертханалық зерттеулер жүргізбестен формалды сараптама актісін беріп келген.

Соның салдарынан соңғы үш жылда олар 8 мыңнан астам ветеринарлық-санитарлық сараптама актісін заңсыз берген.

Оның үстіне зертханалар санитарлық талаптарын сақтамаған.

Табиғатты қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асатын 7 ветеринарлық зертхана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған бұзушылықтар жойылғанша бес зертхананың қызметі уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, ветеринария саласындағы уәкілетті органның (бақылау-қадағалау) лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 Жетісу облысының прокуратурасы