Жетісу облысының прокурорлары айыппұл тұрағы үшін ақшалай қаражатты заңсыз алу практикасының жолын кесті.

Жетісу облысының прокурорлары айыппұл тұрағы үшін ақшалай қаражатты заңсыз алу практикасының жолын кесті.
Панфилов ауданының прокуратурасы айыппұл тұрағында көлікті сақтағаны үшін ақша қаражатын заңсыз өндіріп алуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдады.
Панфилов ауданының аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көлік құралдарын кәсіпкердің сенімгерлік басқаруындағы айыппұл тұрағына жеткізіп отырған, ол автомобиль үшін тәулігіне 3000 теңге алған. 
Заң нормаларына сәйкес арнайы тұрақтар жергілікті бюджет есебінен ұсталуы керек және азаматтар үшін өтеусіз болуы тиіс.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Панфилов ауданының ТКШ бөлімі кәсіпкермен шартты бұзды, сондай-ақ көлік құралдарын уақытша сақтауға бюджеттен қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта автокөлік иелерінен ақшалай қаражат алынбайды.