Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі).
Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған.
Нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген Жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастады.