Жетісу облысы Сарқан ауданының прокуратурасымен құрылыс және архитектура саласында бұзушылықтарға жол берген 9 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, Сарқан қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы (келісім шарт құны 1 млрд 730 млн) сапасы төмен және сертификатталмаған құрылыс материалдарын қолдану арқылы, және де мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылауына құрылыстың басталғандығы туралы хабарлама жолдамай жүзеге асырылған.
Аталған бұзушылықтардың құрылыс жүргізудің бастапқы кезеңінде анықталуы, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашақта болуы мүмкін орны толмас зардаптарды алдын алу болып табылады.
Осыған ұқсас түрде бұзушылықтар Сарқан қаласының орталық алаңын қалпына келтіру бойынша және Алмалы ауылының мәдениет үйінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысында орын алған.
Прокуратура тарапынан енгізілген қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар толығымен жойылды.
Кінәлі тұлғалар тиісті жауаптылыққа тартылды.
Жетісу облысының прокуратурасы