Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты.

Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты.

Облыс аумағында рұқсат құжаттары жоқ 37 қоқыс полигондары жұмыс істеген.

Осылайша Текелі және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында қоршаған ортаға зиян келтірілді.

Бұған дейін экология Департаменті жергілікті атқарушы органдардың назарын осы бұзушылықтарға аударған.

Алайда олар шара қабылдамағандықтан табиғатты қорғау прокуратурасына араласуға тура келді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары және аудан әкімдігінің 1 бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 344-бабы (экологиялық талаптарды бұзу) бойынша жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға кірісті.