Жетісу облысының прокурорлары тағы 8 мекемеде балалардың бос уақытын өткізуге арналған бұзушылықтарды анықтады

Жетісу облысының прокурорлары тағы 8 мекемеде балалардың бос уақытын өткізуге арналған бұзушылықтарды анықтады

Қазір мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде де бұзушылықтар анықталды.

«Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысынсыз жүзеге асырған.

Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) оқытушы ретінде еңбек қызметін жалған дипломы бар адам жүзеге асырған. 

Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (көрінеу жалған құжатты пайдалану).

Басқа да бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ). 

Барлық дерлік мекемелерде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды.

Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.