Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

Жетісу облысының прокуратурасы жүргізген талдау аясында бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға қате төленген салықтар Кәсіпкерлерге қайтарылды.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.

Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған.

Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер Департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді, қалған 74 кәсіпкер бойынша сомалар міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді.