Прокуратура-Жетісу облысы тұрғындарының мәселелері жедел шешілді

Прокуратура-Жетісу облысы тұрғындарының мәселелері жедел шешілді

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының  бастамасы бойынша облыс Әкімдігімен бірлесіп енгізілген Жол картасын іске асыру кезінде Көксу ауданы Балпық би ауылында газды қосу құнын 370 мыңнан 170 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік туды.

         Мұқры ауылында өткізгіш құбыр тартылып, 151 үй табиғи газға қосылды.

         Аудан орталығында балалар алаңдарын абаттандыру аяқталды.

         Халықпен кездесу бізге дәл қазір халықты не толғандыратыны туралы нақты көріністі көрсетті - деп хабарлады облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев, сондықтан облыс әкімдігімен бірігіп «Жол картасын» бекіттік, онда тұрғындармен айтылған мәселелер оларды шешу мерзімдерімен енгізілді.

         Жол картасы аудандық ауқымда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың жеке мәселелерін қамтиды.

Жол картасы іс-шараларының орындалуын бақылауды жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларынан  тұратын Ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.

Мұндай тәжірибенің тиімділігі қазірдің өзінде оң нәтиже берді, сонымен қатар жоғарыда келтірілген мысалдардан да басқасы бар.

Мысалға, Сарқан ауданының Қазыбаев ауылында медициналық пункт болмаған, көрсетілген мәселені Жол картасына косқан соң аудан әкімдігімен блокты-модульдік пункт орнатуға бюджеттік өтінім қорғалған және оны орналастыру 2023 жылға жоспарланған.

Біз бұл тәжірибені жалғастырамыз және барлық мемлекеттік органдарының бірлескен күшімен халықтың мәселелерін шешу үшін бар күш-жігерімізді саламыз-деп қорытындылады облыс прокуроры.

 

Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз-қызметі