Есірткі сату үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген.

Есірткі сату үшін  өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген.

Есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы кең тараған қылмыстардың бірі болып табылады.

Қазақстанда соңғы жылдары заңсыз айналымда  бұрын кездеспеген жаңа есірткі заттары пайда болды, әдеттегідей бұлар синтетикалық есірткі құралдары болып табылады.

Синтетикалық есірткі заттарына - мефедрон, метамфетамин және т.б. жатады.

Олар  психотроптық және елесті әрекеттерге ие, орталық нерв жүйесіне зақым келтіріп біздің тұрғындардың денсаулығы үшін аса қауіпті болып табылады.

Есірткі сатудың жаңа тәсілі- байланыссыз тәсілі өзінің «кеңінен танымдылығын» иеленуде  есірткі сатушы және тұтынушы жеке жүзбе- жүз кездеспейді, есірткі құпия салып кетудің көмегімен беріледі.

Есірткі сатушы тұтынушыдан  тапсырыспен SMS хабарлама алады, ал есірткі сатушы өз кезегінде оған электронды шоттың нөмірін жібереді,  ақшалай қаражат түскеннен кейін,  есірткі жатқан құпия жердің координаттарын жібереді.

Осылайша,  қылмыскерлер біздің тұрғындардың денсаулығына қарсы және адамгершілікке  қарсы қылмыстық әрекет үшін жазасыз қалады.

         2022 жылдан ағымдағы жылдың өткен кезеңіне дейін Жетісу облысында есірткі заттарын сатқаны үшін 9 адам сотталып оларға әртүрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыскерлердің 20 жастан басталатын жас мөлшері, олардың теріс қылықтарының қоғамдық қауіптілігін және өз әрекеттерінің салдарын түсінбеуі де  жеке алаңдату тудырады.

Әдеттегідей,  аталған адамдардың тұрақты жұмыс орындары жоқ және еш жерде оқымаған.

Әлеуметтік желілер арқылы жеңіл жолмен ақша табу жолын іздеуде олар  есірткі  және психотроптық заттарды тарату бойынша курьердің жұмысын ұсынған адамдарды табады.

Тапсырыс берушілер қашықтан  жұмыстың мәнін түсіндіреді,  нұсқаулықтар береді.

Мысалы,  соттың үкімімен «Telegram» қосымшасына пайдалану арқылы есірткі сатуға қатысуы үшін 1998 ж.т. азамат Н., а.ж. 22 ақпанда 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2022 жылдың мамырында азамат Н. «OLX» қосымшасы арқылы  «kirillAbrom0vich» логинді бейтаныс адаммен танысқан,  ол «Telegram» қосымшасы арқылы есірткі заттарын сату бойынша жұмыс ұсынған. Бейтаныс адам оған жасырған есірткі құралдарының орналасқан жері туралы хабарлама жіберген,  азамат Н. оларды алып, бөлшектеп өлшеп ораған және  қаланының әр жерлеріне салып қойған және фото есеп жіберген.

Басқа жағдайда азамат О. 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

2022 жылдың сәуірінде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 86 граммды құраған мефедрон анықталды, бұл аса ірі мөлшерге жатады.  Аталған есірткі заттары өлшенген,  бөлшектеп оралған және сатуға дайындалған.

Бұл тек ғана бірнеше мысал.

Теріс салдарды болдырмау үшін,  Жетісу облысының прокуратурасы  есірткі заттарын,  психотропты заттарды және олардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз жарнамалау,  өндіру, қайта өңдеу, сатып алу,  сақтау  және тасымалдау, жөнелту болмаса сату үшін адамдар Қылмыстық кодекстің 297 бабына сәйкес 5 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін түріндегі жаза күтіп тұрғанын ескертеді.

Жасөспірімдердің ата-аналары мен жақын туыстарының назарын соңғы уақытта интернет желісінде кәмелетке толмағандарды күтуі мүмкін виртуалды қауіптердің көбеюіне аударамыз.

Жасөспірімдер кіретін интернет-сайттарға үнемі назар аударып, олардың мінез-құлқын бақылау қажет.

Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарды қылмыстық жазаның қайтымсыздығына әкеп соқтыратын заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіруге шақырамыз.

         Ойланбай жасалған қадам, аңқаулық және қылмыстық жолмен оңай әрі жылдам ақша табуға деген ұмтылыс жастардың ең жақсы жылдарын өзін-өзі жүзеге асыруға және жоғары мақсаттарға жетуге арнаудың орнына,  бас бостандығынан айырылып,  ұзақ мерзімді жаза   өтеуге әкелуі мүмкін.