2022 жылы 5 қарашада ел Президенті «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қол қойды.
Қазақстанның даму тарихында прокуратураның қызметін реттейтін нормативтік акт тұңғыш рет Конституциялық заң мәртебесінде қабылданды.
Жеке Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамасының іске асырылуы болды.
Ол прокуратураның құқық қорғау қызметін нығайтуға, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын күшейтуге бағытталған.
Конституциялық заңмен Бас Прокурорға алғаш рет:
Бұл новеллалар прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру және оларды сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіктерімен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Прокуратура органдарының тексеру негіздерін анықтайтын норма айтарлықтай өзгерді (Конституциялық заңның 18-бабы).
Мысалы, кәсіпкерлік субъектілер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тексеру тағайындау үшін қосымша негіз болды.
Прокуратураның адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланды (Конституциялық заңның 29-бабы).
Бұдан былай прокуратура адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру шеңберінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізеді.
Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) білдіретін болады.
Сонымен бірге Конституциялық заңмен прокуратураның құзыретіне кіретін өтініштердің тізімі кеңейтілді (Конституциялық Заңның 24-бабы).
Өтініштерді құзыреті бойынша уәкілетті органдарға бағыттаудың бұрынғы тәжірибесі халықтың негізді наразылығын тудырды.
Енгізілген толықтырулар прокуратураның халықтың мәселелерін шұғыл шешуге бағытталған қадағалау қызметіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Жаңашылдықтардың прокурорлармен қабылданатын актілерге ге қатысы бар.
Наразылық (Конституциялық заңның 33-бабы). Прокурор наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне қарай оны қараудың өзге де мерзімін, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзім белгілеуге құқылы.
Ескі редакцияда («Прокуратура туралы» 2017 жылғы заң) бұл мерзім кемінде күнтізбелік он күн болып белгіленген болатын.
Қаулы (Конституциялық заңның 37-бабы). Оны шығару жағдайлары нақтыланды және толықтырылды:
Сонымен қатар, прокурорлардың қадағалау қызметін арттыру мақсатында Конституциялық заңмен жаңа прокурорлық акт – Заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру енгізілді (Конституциялық заңның 41-бабы).
Бұл актінің қабылдануы құқық бұзушылықтардың алдын алу қажеттілігіне байланысты.
Жалпы, жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокурорлардың адам мен азаматтың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құзыреті мен әлеуетін кеңейтетіні сөзсіз.