Жетісу облысының прокуратурасы мен «Әділет» партиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жетісу облысының прокуратурасы мен «Әділет» партиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жетісу облысының прокуратурасы мен «Әділет» партиясының Жетісу облысы бойынша филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың тапсырмасы негізінде әзірленді.

Кездесу барысында еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне ерекше назар аударылды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттік институттар қызметінің негізгі бағдарлары болып табылады.

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов прокуратура органдары бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтірумен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттің мүддесіне жауапкершілікпен қарау, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға құрмет қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Әділет» партиясы филиалының басшысы Амангелді Есбай қажетті пікірлермен бөлісіп, сапалы қабылдағаны үшін прокуратура ұжымына алғысын білдірді.

Қол қойылған Меморандум құқықтық ағарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағыттарындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болады.

Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықты нығайту және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.