«Мен спортты таңдаймын – Қазақстан үшін!»

«Мен спортты таңдаймын – Қазақстан үшін!»

Қазақстан Республикасыныңпрокуратура органдарының 35 жылдығына орай Жетісу облысының прокуратурасы «Мен спортты таңдаймын – Қазақстан үшін!» атты отбасылық эстафета ұйымдастырды.

Спорттық сайысқа Жетісу облысы прокуратурасының, Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының, Жетісу көлік прокуратурасының, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері отбасы мүшелерімен бірге қатысты.

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов қатысушыларды кәсіби мерейтоймен құттықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және ұжымдық бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Ол спорттағы тәртіп, адал бәсеке, жауапкершілік пен өзара қолдау «Заң мен тәртіп» идеологемасының негізгі құндылықтарын көрсететінін жеткізді.

Қатысушылар эстафеталық сайыстарда ептілік, жылдамдық, ұйымшылдық пен командалық рух танытты.

Салауатты отбасы – мықты қоғамның негізі. Спортты таңдау – денсаулықты, тәртіп пен жауапкершілікті таңдау. Мұндай бастамалар өскелең ұрпаққа үлгі болып, қоғамда заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.