Жетісу облысында прокурорлық ден қою актісі бойынша 229 млн теңгеден астам сомаға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісу облысында прокурорлық ден қою актісі бойынша 229 млн теңгеден астам сомаға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісу облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жүргізіліп жатқан мониторинг жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғауға және өңірдің аграрлық секторын дамытуға бағытталған.

Қадағалау қызметі барысында Көксу ауданының прокуратурасы ағымдағы жылы мемлекетке 200 гектар құнарлы жерді қайтарды. Ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде игерілмей жатқан аталған жер учаскелерінің кадастрлық құны 229 миллион теңгеден асады.

Сонымен қатар, аудан прокурорлары жер заңнамасы талаптарын бұза отырып пайдаланылмай жатқан 7 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтады. Оларды мәжбүрлеп алып қою және мемлекеттік жер қорына қайтару үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қайтарылған барлық жер учаскелері конкурс негізінде бөлінетін болады. Бұл жергілікті тұрғындар мен адал кәсіпкерлерге мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамыту және Көксу ауданының экономикасын нығайту үшін жер ресурстарына заңды түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі Жетісу облысы прокуратурасының бақылауында. Пайдаланылмай жатқан жерлерді заңды экономикалық айналымға енгізу жұмыстары өңірдің барлық аудандарында жалғасуда.