Жетісу облысының прокуратурасы инвестор мен кәсіпкерлер алдындағы берешектің өтелуін қамтамасыз етті

Жетісу облысының прокуратурасы инвестор мен кәсіпкерлер алдындағы берешектің өтелуін қамтамасыз етті

Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен мемлекеттік сатып алу саласындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2025 жылы жалпы сомасы 508 млн теңгеге 450 мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны анықталды.

Инвестор және 23 кәсіпкермен жасалған шарттар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 25 млрд теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Текелі энергокомплекс» ЖШС-мен электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге 2,5 млн теңге сомасына шарт жасалған. Алайда белгіленген мерзімде төлем жүргізілмеген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем міндеттемелер толық орындалған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Инвестор өз міндеттемелерін тиісті түрде орындағанына қарамастан, аталған шарт бойынша төлем 40 күннен астам уақыт бойы жүргізілмеген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде прокуратура инвестор мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (771) 131 04 44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.