Жетісу облысының Үйлестіру кеңесінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды

Жетісу облысының Үйлестіру кеңесінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды

Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақановтың төрағалығымен өңірлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындықты қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қабылдап жатқан шараларының жай-күйі  мәселесі туралы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста уәкілетті органдардың су тасқыны кезеңіне және табиғи әрі техногендік сипаттағы өзге де ықтимал төтенше жағдайларға дайындық бойынша қабылдап жатқан шараларының жай-күйі қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары, қала және аудан әкімдері, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, су инспекциясының өкілдері, сондай-ақ «Қазсушар» және «Қазселденқорғау» мемлекеттік кәсіпорындарының жергілікті филиалдарының басшылары қатысты.

Су бұру арналары мен су өткізу құрылыстарын ретке келтіру, өзен арналарының түбін тазалау, дамбалар салу және нығайту, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы Бауыржан Жұмақанов облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар тарапынан су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру деңгейінің жеткіліксіз екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен қатысушылар су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуына бақылауды күшейту қажеттігін қолдады.

Нәтижесінде барлық мүдделі органдарға анықталған кемшіліктерді жою, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және халықты қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсынымдар берілді.