Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Талдықорған қаласында өткен «Legal Talk: ашық микрофон» форумына қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметті қалыптастыру мәселелеріне назар аударды.
Облыс прокуроры жастармен ашық диалог жүргізудің азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
Бауыржан Альбертұлы жастарды белсенді болуға, әділеттілік пен заң үстемдігін сақтауға шақырды.
Форум ашық микрофон форматында өтіп, қатысушылар облыс прокурорына тікелей сұрақтар қойды. Бұл прокуратура органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін көрсетті.
Облыс прокурорының іс-шараға қатысуы өңірде құқықтық мәдениетті арттыруға және халық сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
#ЗаңменТәртіп