Жетісу облысында кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды

Жетісу облысында кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды

Ақсу ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу және жер заңнамасы салаларында жүргізілген талдаулардың нәтижесінде кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтарының өрескел бұзылғаны анықталды.

Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы тарапынан жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді толық орындауына қарамастан, 57 кәсіпкерге шарттарды орындауды қамтамасыз етудің 3%  жалпы сомасы 117,6 млн теңге қайтарылмағаны анықталды.

Бұдан бөлек, жер заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізу барысында инвестордың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Ақсу ауданында «Екпінді» ЖШС-нің инвестициялық жобасын іске асыру кезінде жалдау шартымен көзделген 100 гектар жайылымдық жер берілмеген.

Анықталған барлық фактілер бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтары қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.