Жетісу облысында оқушылар мен студенттер мас жүргізушіге қатысты қатаң жазаға куә болды

Жетісу облысында оқушылар мен студенттер мас жүргізушіге қатысты қатаң жазаға куә болды

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысының Ақсу ауданының прокуратурасы сотпен бірлесіп, әкімшілік іс бойынша ашық сот процесінің онлайн-трансляциясын өткізді. Шараның мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды сот төрелігі механизмімен тікелей танысу арқылы жүзеге асыру.Трансляцияға өңір мектептері мен колледждерінің шамамен 2,5 мың оқушысы мен 54 педагогі қосылды.

Процесс барысында азамат Н. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі). Сот оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындап, жазаның бұлтартпастық қағидатын анық көрсетті.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды заңнама талаптарын қатаң сақтауға және құқыққа қайшы мінез-құлыққа төзбеушілік танытуға шақырады.