Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жетісу облысы Панфилов ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасында «Оқушы көзімен – құқықтық көзқарас» дебат турнирін ұйымдастырды. Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Турнирге ауданның 50 мектебі мен 3 колледжінің оқушылары қатысты. Ақтық сынға құқықты терең білетінін және дәлелдеу дағдыларын көрсеткен 16 команда өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағылы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, қатысушылар прокуратураның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған әлеуметтік маңызы бар бейнероликтер әзірледі, олар мақсатты аудитория арасында 30 мыңнан астам қаралым жинады.
Бұл бастама кең қоғам тарапынан жоғары бағаланып, интерактивті форматтардың заңды білетін және жауапты ұрпақты тәрбиелеудегі тиімділігін растады.
Жетісу облысының прокуратурасы құқықтық ақпаратты өзекті және қолжетімді ету мақсатында, Қазақстанның болашақ құқықтық қоғамы үшін заманауи, интерактивті жұмыс форматтарын енгізуді жалғастырады.