Қаратал ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті маманның сертификаттары мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ болғандарына қарамастан халыққа медициналық қызметтер көрсетуді анықтады.
Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша, ӘҚБтК-нің 424-баптың 1-бөлігі, 426-баптың 1-бөлігі және 464-баптың 1-бөлігі бойынша 20 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3 басшыға - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және оның орынбасарларына 4 049 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, тексеру аясында 4 жауапты тұлға (ауылдық аурухана басшылары) медицина қызметкерлерінің халықты вакцинациялау ережелерін бұзғандықтары үшін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 157 280 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осы тексерумен 148 адамның құқығы қорғалды, оның 100-ден астамы кәмелетке толмаған балалар.
Қадағалау актісі бойынша бюджетке 12,8 млн теңге қайтарылды.