Жетісу облысы прокуратурасының шараларымен аймақтың орман қоры алаңы ұлғайтылды

Жетісу облысы прокуратурасының шараларымен аймақтың орман қоры алаңы ұлғайтылды

Мемлекет басшысы еліміздің орман қорын ұлғайтуды тапсырды, өйткені бұл бағыттағы жұмыс экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орманмен көмкерілген және мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады.

Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер мемлекеттік орман қорының құрамына енгізілуге жатады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9 412 гектар жер облыстық орман қорына (Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарының құрамына қоса) берілді.