Жетісу облысында пробация есебінде тұрған тұлғалармен тергеу изоляторына экскурсия өткізілді

Жетісу облысында  пробация есебінде тұрған тұлғалармен тергеу изоляторына экскурсия өткізілді

2025 жылы 30 қазанда Жетісу облысында пробация есебінде тұрған адамдар мен прокурорлардың қатысуымен тергеу изоляторы ғимаратында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында бостандықты шектеумен байланысты емес жаза түрлерін өтеу тәртібін бұзу, қайталама қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дәріс оқылды.

Сотталғандардың қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар берілді.

Іс-шара соңында тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды.

Аталған акцияның мақсаты – қылмыстың қайталануын болдырмау, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын және құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік ұстанымын насихаттау болып табылады.