Жетісу облысында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді

Жетісу облысында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді

31 қазан 2025 жылы Жетісу облысында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара облыс орталығымен қатар барлық аудандар мен шалғай ауылдарды да қамтыды.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау болып табылады.

Іс-шараға облыс прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов, барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бірінші басшылары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ жетекші заңгерлер қатысты.

Акция барысында 470 азаматқа салық, несие, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасы туралы сұрақтары бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, шара барысында азаматтарға алаяқтықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпаратық буклеттер таратылды.