Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов І.Жансүгіров атындағы университеті мен Конституциялық сотпен бірлесіп ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жылдық құқықтық эволюциясы және институционалдық трансформациялары» тақырыбында өткен іс-шараға Конституциялық Соттың судьясы Р.А. Подопригора, Конституциялық Соттың талдаушысы Д.С. Шәріпбаев, облыстық соттың, құқық қорғау органдарының, әкімдіктің, адвокаттар қауымдастығының, «Аманат» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты.
Шара барысында Конституцияның құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі мен маңызы талқыланды.
Облыс прокуроры азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде Конституцияның маңыздылығына тоқталып, прокуратураның ерекше рөліне назар аударып, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Конституцияның рөлін күшейту тәуелсіз, әділ және қауіпсіз қоғам құрудың маңызды факторы болып табылады.