Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қаратал ауданының прокуратурасы кейбір коммуналдық кәсіпорындардың кәсіпкерлермен жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар үшін төлемдерді белгіленген мерзімде төлемегенін анықтады, жалпы берешек 50 миллион теңгеден асты.
Қадағалау актісі негізінде 150 кәсіпкердің пайдасына берешек толық көлемде өндірілді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осы ауданда мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері, атап айтқанда, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту анықталды.
Мәселен, Мемлекеттік кірістер басқармасының қаулыларына сәйкес, 3 кәсіпкерлік субъектісі салық есептілігін тапсыру мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алайда, материалдарды зерделеу барысында кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту үшін заңда белгіленген мерзімдердің өтіп кеткені анықталды.
Прокурордың наразылықтары бойынша салық органының әкімшілік қаулылары жойылды.
Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтарға жол берген 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 196 000 теңге айыппұл салынды.