Қауіпті қалдықтарды лицензиясыз кәдеге жаратқан

Қауіпті қалдықтарды лицензиясыз кәдеге жаратқан

Жетісу облысында медициналық қалдықтарды кәдеге жарату кезінде заң бұзушылықтар анықталды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 100-бабына сәйкес Г класындағы медициналық қалдықтар токсикологиялық қауіпті болып саналады және қауіптілік деңгейі бойынша өнеркәсіптік қалдықтармен салыстыруға болады.

Оларды дұрыс жоймау халықтың денсаулығы мен экологияға қауіп төндіреді, сондықтан мұндай қызмет Экологиялық кодекстің 336-бабына сәйкес лицензиялауға жатады.

Бұл ретте лицензиясы жоқ мердігерлермен қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және жою қызметтерін көрсетуге келісім-шарттар жасаудың 8 фактісі анықталды.

Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша тәртіп бұзушы мердігерлер 2 млн теңгеден астам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар тапсырыс берушілердің 8 жауапты лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.