Жетісу облысы Ескелді ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге жер телімдерін пайдаланғаны үшін артық мөлшерде салық төлемдері есептелгенін анықтады.
Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 505-бабын бір шаршы метрге 0,48 теңге базалық мөлшерлемемен қолданудың орнына мәслихаттың 0,81 теңге ставкасымен күші жойылған шешімін басшылыққа алған.
Қадағалау актісі бойынша кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 91 кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сома ақшалай қаражаты қайтарылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Жетісу облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.