Конституцияның 24-бабында әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алу құқығы бекітілген.
Ал, прокурорлар анықтағандай, «Жаркент Фрукт» ЖШС-гі 66 жұмысшыға 16 млн теңгеден астам жалақы төлемей, олардың құқықтарын бұзған.
Тағы бір жағдайда жұмысты белгіленген кестеден тыс орындаған 115 медицина қызметкерінің құқығы бұзылғаны анықталды, бірақ Текелі қалалық ауруханасы оларға үстеме жұмыс үшін 15 млн теңгеден астам ақша төлемеген.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласы прокурорларының қадағалау актілері бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмысшылардың еңбегі толық төленді, осылайша 181 адамның конституциялық құқығы қорғалды.