Жетісу облысындағы ірі инвесторлар қорғалды

Жетісу облысындағы ірі инвесторлар қорғалды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарымен маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша дәйекті жұмыстар жүргізілуде.

«Прокурорлық сүзгі» арқылы облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.

Көліктік бақылау инспекциясы «Уыз май индастри» ЖШС соя өңдеу зауытын екі рет заңсыз айыппұл түрінде жауапқа тартқан. 

Тағы бір жағдайда табиғи монополияларды реттеу Департаментімен «Көксу қант зауыты» ЖШС заңсыз айыппұлға тартылған.

Көксу ауданы прокурорының қадағалау актілері бойынша 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.

Инвесторлар Бас Прокурорға жүгініп, өз ризашылықтарын білдірді.

Облыс прокуратурасы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда.