Жетісу облысында кәсіпкердің құқығы шенеуніктің араласуынан қорғалды

Жетісу облысында кәсіпкердің құқығы шенеуніктің араласуынан қорғалды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау облыс прокуратурасы органдарының ерекше назар аударатын аумағы.

Панфилов ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттердің орын алу фактісін анықтады.

Аудан әкімінің орынбасары «Үркер» ЖШС-не қолданыстағы автовокзалды Жаркент қаласынан тыс жерге көшіру туралы талаппен хат жолдаған.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін кінәлі тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 190 мың теңгеден астам айыппұл салынды, кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.