Қайтарылған активтерге әлеуметтік нысандар салу Жетісу халқының тұрмыс жағдайын жақсартады

Қайтарылған активтерге әлеуметтік нысандар салу Жетісу халқының тұрмыс жағдайын жақсартады

Облыста прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 22 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (мектептер, сумен жабдықтау және денсаулық сақтау нысандары).

Прокурорлар Қаратал ауданындағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыстың сапасы мен қарқынына назар аударды.

Қанағаттанғанын жасырмаған жергілікті тұрғындармен сөйлесті. 

Қаратал ауданы Дойыншы ауылында медициналық пункт салынуда.

Нысан жергілікті тұрғындарға ауылдан 180 шақырымнан астам жерде орналасқан аудан орталығына бармай-ақ медициналық көмек көрсетеді.

Осы аудандағы Ұмтыл ауылында халықты сапалы сумен қамтамасыз ететін ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр.

Құрылыс барысы және қаражаттың жұмсалуы прокурорлардың бақылауында.