Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Көксу ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысында өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Полигон өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығару рұқсатынсыз жүзеге асырған.
Полигонды жабуға, жерлерді рекультивациялауға, ластануға бақылау жүргізуге арналған тарату қоры құрылмаған, онсыз полигонды пайдалануға тыйым салынады.
Оның үстіне полигонда қоқыс жинау шегінен екі есе асып кеткен.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша 340 млн теңгеден астам сомаға айыппұлмен жауапкершілікке тартылды.
Полигон сенімгерлік басқарудан алынып, мемлекетке қайтарылды.