«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында заң колледжінің студенттері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Кездесу облыс прокуратурасының музейін аралаудан басталды, онда жастарға прокуратура органдарының құрылу және қалыптасу тарихы туралы баяндалды.
Қонақтарға азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы қадағалау органының жұмысы көрсетілді.
Болашақ заңгерлер Ахуал орталығының жұмысымен, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерімен танысты.
Сондай-ақ қонақтарға цифрлық технологиялар – СДТБТ, ӘҚББТ, «Qamqor» мобильді қосымшасы, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының карталары таныстырылды.
Прокурорлар қонақтарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, іс-шара соңында заңды сақтап, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуды тіледі.