Мемлекет меншігіне 100 миллион теңгеге жер қайтарылды

Мемлекет меншігіне 100 миллион теңгеге  жер қайтарылды

Жерге жоғары сұраныс жағдайда Жетісу облысының Алакөл ауданында жер ресурстары тиімсіз пайдаланған.

Қолданыстағы өкілеттіктерге қарамастан, жергілікті әкімдік уақытша жер пайдалану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен жерлерді қайтару бойынша шараларын қолданбаған.

Прокурорлар анықтағандай, жалпы көлемі 1655 гектарды құрайтын осындай 14 жер телімі қайтарылуы керек еді.

Қадағалау актісімен жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңгені құрайтын барлық телімдер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.