Табысын жасырған қаскөй борышкер алимент төлемегені үшін тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Табысын жасырған қаскөй борышкер алимент төлемегені үшін тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды

2023 жылы Жетісу облысы Панфилов ауданының тұрғыны балаларын асырауға арналған алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Біраз уақыттан кейін тиісті қорытынды жасамай, ол өз міндеттерінен жалтаруды жалғастырып, биылғы жылы қарыз 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Сонымен бірге, сот 2025 жылдың 30 қаңтарында борышкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Осылайша, заңсыз кәсіп ұйымдастыруға қаражаты бар борышкер әдейі алимент төлемеген.

Осыған байланысты Панфилов ауданының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот талқылауы барысында борышкер 1 миллион теңге сомасындағы берешекті  ішінара өтеді, сот үкімімен кінәлі танылып бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.