2023 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданының тұрғыны ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, оған пробациялық бақылау орнатылған.
Түзелуге мүмкіндік берілгеніне қарамастан, азамат жазасын өтеу тәртібін бұзған.
Дәлелді себепсіз және пробация қызметіне хабарламай ол бірнеше рет ауданнан тыс жерлерге шығып, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орында қорлау).
Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны ауыстырып бас бостандықты айыру туралы ұсыныс жолдаған, бірақ оны бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырды.
Ақсу ауданының прокуратурасы адамның түзеу жолына түспегенін және қоғамға жат мінез-құлыққа бейім екенін ескере отырып, сот актісіне жеке өтініш енгізген.
Облыстық сот бірінші сатыдағы сот актісін жойып, кінәлі жазаның қалған бөлігін өтеу үшін түзеу мекемесіне жолданды.
Сол сияқты да биыл Коксу, Панфилов және Кербұлақ аудандарының прокурорларының жеке өтініштері бойынша бірінші сатыдағы тағы 3 сот актісі жойылып, кінәлілер түзеу мекемелеріне жіберілді.